Сіздің сұрауыңыз бойынша ештеңе табылмады

«Қазақстан» телерадиокорпорациясы ФИФА-мен ауқымды келісімшартқа тұрды

«Қазақстан» телерадиокорпорациясы еліміздегі спорт телерадионарығында бұрын-соңды болмаған келісімшарт жасасты.  ФИФА (Бүкіләлемдік футбол федерациясы) қарамағындағы 13 ірі турнирге арналған ТВ және радиоқұқыққа ие болу рәсімін аяқтады.

Келісім шарттың орындалу мерзімі – 2022 жылдың желтоқсан айына дейін болмақ. Телевизиялық көрсетілім «Қазақстан» және «Kazsport» телеарналарынан өтсе, Қазақ радиосы, «Шалқар» және «Астана» радиолары  радиоқұқыққа ие болып отыр. 

Айта кетейік, келіссөздер бір жылдан аса уақыт жүргізіліп, қаржылық, жарнамалық, техникалық, кадрлық, рейтингтік сияқты детальдардың бәрі ескерілді.  ФИФА  ТВ-құқығын жүзеге асыру операторы «Қазақстан» РТРК» АҚ-ның бұрынғы әрі сенімді серіктесі -  European Broadcasting Union (EBU).

Келісімшарт әрқайсысы өзіндік құқықтары мен  міндеттерін көрсететін үш пакетке бөлінген. Ең алғашқысы, Қазақстанның Ұлттық құрамасы қатысқан футзалдан Әлем чемпионаты 2016 жылдан бері жүзеге асып, «Kazsport» телеарнасынан көрсетілген болатын. Негізгі пакеттің ішіне 2018 және 2022 жылдары болатын футболдан Әлем чемпионатының құқығы кіреді. Футбол әлеміндегі ең негізгі, екі Әлем чемпионатының ТВ және радиоқұқықтарын  шара басталмас бұрын,  тікелей ФИФА-ның өзінен сатып алынғанын айта кетейік.

Сондай-ақ, «Қазақстан» телерадиокорпорациясы ие болған теле-радиоқұқыққа  мынадай турнирлер тізімі кіреді: екі клубтық әлем чемпионаты, жастар арасындағы әлем чемпионаты, әйелдер арасындағы төрт әлем чемпионаты, жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты, жағажай футболынан әлем чемпионаты және Конфедерация кубогы.

Сонымен, 2017  жылдың ең ірі жобалардың бірі Конфедерация кубогы ертең, 17 маусымда эфирге жол тартады. Тікелей трансляцияны «Қазақстан» және «Kazsport» телеарналарынан көре аласыздар.

Турнирдің барлық 16 матчын «Kazsport» телеарнасы көрсетеді. Ал, ең рейтингті 10 ойынды «Қазақстан» Ұлттық арнасы көрсетпек.

Толығырақ трансляция кестесінен біле аласыздар.

Матч

Күні

Матчтың басталу уақыты

 (тікелей эфир,

Астаны уақытымен)

Телеарналар

РЕСЕЙ– ЖАҢА ЗЕЛАНДИЯ

17 маусым (сенбі)

21:00

KAZSPORT және ҚАЗАҚСТАН

ПОРТУГАЛИЯ - МЕКСИКА

18 маусым (жексенбі)

21:00

KAZSPORT және ҚАЗАҚСТАН

КАМЕРУН - ЧИЛИ

18 маусым (жексенбі)

00:00

KAZSPORT

АВСТРАЛИЯ – ГЕРМАНИЯ

19 маусым (дүйсенбі)

21:00

KAZSPORT және ҚАЗАҚСТАН

РЕСЕЙ – ПОРТУГАЛИЯ

21 маусым (сәрсенбі)

21:00

KAZSPORT және ҚАЗАҚСТАН

МЕКСИКА –

ЖАҢА ЗЕЛАНДИЯ

21 маусым (сәрсенбі)

00:00

KAZSPORT

КАМЕРУН - АВСТРАЛИЯ

22 маусым (бейсенбі)

21:00

KAZSPORT

ГЕРМАНИЯ - ЧИЛИ

22 маусым (бейсенбі)

00:00

KAZSPORT және ҚАЗАҚСТАН

МЕКСИКА - РЕСЕЙ

24 маусым (сенбі)

21:00

ҚАЗАҚСТАН

ЖАҢА ЗЕЛАНДИЯ - ПОРТУГАЛИЯ

24 маусым (сенбі)

21:00

KAZSPORT

ГЕРМАНИЯ - КАМЕРУН

25 маусым (жексенбі)

21:00

ҚАЗАҚСТАН

ЧИЛИ – АВСТРАЛИЯ

25 маусым (жексенбі)

21:00

KAZSPORT

БІРІНШІ ЖАРТЫЛАЙ ФИНАЛ

28 маусым (сәрсенбі)

00:00

KAZSPORT және ҚАЗАҚСТАН

ЕКІНШІ ЖАРТЫЛАЙ ФИНАЛ

29 маусым (бейсенбі)

00:00

KAZSPORT және ҚАЗАҚСТАН

ҮШІНШІ ОРЫН ҮШІН МАТЧ

2 шілде (жексенбі)

18:00

KAZSPORT

ФИНАЛ

2 шілде (жексенбі)

00:00

KAZSPORT және ҚАЗАҚСТАН

 

Поделиться: