Сіздің сұрауыңыз бойынша ештеңе табылмады

Дамаск маңында соғыс жалғасып жатыр

Бүгін Сирия астанасы Дамаск маңында үлкен шайқас болды. Жергілікті бақылаушылардың мәліметінше, үкімет әскері қаланың солтүстік-шығысында көтерілісшілерге тойтарыс бермек болған және армия өкілдері кеше айырылып қалған позицияларын қайтарып алғанын хабарлады.

Қазір Джобар және Қабун аудандары үшін соғыс жүріп жатыр. Оппозиция күштері Дамасктің шығысындағы, солтүстігі мен оңтүстігіндегі халық көп шоғырланған көптеген қалалар мен ауылдарды әлі бақылауында ұстап отыр.

Арыстан РЫСБЕК

Поделиться: