Сіздің сұрауыңыз бойынша ештеңе табылмады

Астанада Шақабай батырдың өмірі мен жауынгерлік ерліктеріне арналған ғылыми конференция өтті

Жоңғар шапқыншылығы тұсында Абылайға ақылшы, Ер Жәнібекке ұстаз болған Шақабай батырдың есімі  «100 жаңа есімнің» қатарына енуі тиіс. Қазақстандық тарихшы, жазушылар осындай ұсыныс айтып отыр.

Бүгін Астанада батырдың өмірі мен жауынгерлік ерліктеріне арналған ғылыми конференция өтті. Жиынға  Қытай, Моңғолия, Түркия ғалымдары мен елімізге танымал тарихшылар, әдебиетшілер, қоғам қайраткерлері және батырдың ұрпақтары қатысты.

Шақабай батырдың есімін Ілияс Есенберлин, Әбіш Кекілбаев, Шәміс Құмарұлы, Сұлтан Тәукейұлы секілді ақын-жазушылардың шығармаларынан, энциколепедия-сөздіктерден кездестіруге болады. «Оның есімін ұлықтау, халыққа таныту бүгінгі ұрпақтың міндеті», - дейді шараны ұйымдастырушылар. 

Шынар АСАНҚЫЗЫ        

Поделиться: