Сіздің сұрауыңыз бойынша ештеңе табылмады

Мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіқалықова  жас дарындармен кездесті

Бүгін Мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіқалықова шығармашыл жастармен кездесті. Емен-жарқын әңгіменің өзегі Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы болды.  Құжат ұлттық кодты сақтап қалудың сан бағытын көрсетті. Яғни, ұлттық құндылықтарды ұлықтап, дәстүрлерімізді дәріптеуге шақырады. Бұл – жаңа ғасырдың талаптарына төтеп беретін күш болмақ. 

Ал, жастар тәулік сайын түрленген техноголиялық дәуірдің қарқынынан қаймықпай, білімін шыңдап, бәсекеге қабілеттілікті арттыруға қауқарлы болуы тиіс. Осыны айтқан Гүлшара Әбдіқалықова жас дарындарды Президент айқындаған міндеттерді белсенді жүзеге асыруға шақырды. Жастар да өз идеялары мен пікір-пайымдарын ортаға салды. 

Армангүл ТОҚТАМҰРАТ

Поделиться: