Сіздің сұрауыңыз бойынша ештеңе табылмады

Алтай Республикасының Қош-Ағаш ауданында «Мен қазақпын» жобасы бойынша  іріктеу өтті

«Мен қазақпын» жобасының Ресей Федерациясы Алтай Республикасының Қош-Ағаш ауданындағы іріктеу кезеңі аяқталды. 15 өнерпаз дәстүрлі ән, күй, жыр-терме бойынша сайысқа түсіп, мықтыларды анықтады.

«Дәстүрлі ән» номинациясында Гүлнұр Мамырxанова, «Күй» номинациясында Арнагүл Қомашева, «Терме» номинациясы бойынша Арайгүл Жайлаубаева жеңімпаз деп танылды.                       

Қош-Ағаш - Алтай Республикасының қазақтар көп шоғырланған ауданы. Республикадағы 13 мыңнан астам қазақтың 10 мыңға жуығы осында қоныстанған.

Айта кетсек, жобаның шетелдердегі іріктеу кезеңі өткен аптада Қытай Халық Республикасының Шыңжан өлкесінен басталған болатын. Үрімші қаласында өткен байқауға 22 өнерпаз қатысты. Кезек - Моңғолияның Баян-Өлгей аймағында.  

Ал, еліміз бойынша 14 облыс пен Алматы қаласында жүргізілген іріктеулерде барлығы 460 үміткер бақ сынады. 19-шілдеде Астана қаласының қатысушылары жолдаманы сарапқа салатын болады.

Төл өнерімізді дәріптеуге бағытталған жаңа халықаралық жоба көрермендерге Ұлттық арнадан ағымдағы жылдың 3-қыркүйегінен  бастап  жол тартады.

Поделиться: