Сіздің сұрауыңыз бойынша ештеңе табылмады

Бүгін «Мен Қазақпын» мегажобасының Қытайдағы іріктеу  кезеңі басталды

«Мен Қазақпын» халықаралық телевизиялық мегажобасының шетелдердегі іріктеу турлары Қытай Халық Республикасының Шыңжан өлкесі, Үрімші қаласынан басталмақ. Бүгін іріктеудің ресми ашылу салтанаты өтеді.  

Бұл - отандық телевидение үшін өте маңызды оқиға. Себебі, шетелдердегі іріктеу кезеңдері контентті кең аудиторияға ұсынумен қатар, ұлттық өнерімізді халықаралық деңгейде насихаттауға жол ашады.

Халқымыздың дәстүрлі ән-күй мен терме өнерін одан әрі дамытуды мақсат еткен жобаның бүгінге дейін ел аймақтарында өткізілген іріктеулерінде барлығы 460 үміткер өнер көрсетті.

Алматы қаласы бойынша - 47, Маңғыстау облысынан - 36, Алматы облысынан  - 43,  Атырау облысынан - 23, Шығыс Қазақстан облысынан - 36, Батыс Қазақстан облысынан - 32, Ақтөбе облысынан - 43, Солтүстік Қазақстан облысынан - 22, Қызылорда облысынан - 28, Қостанай облысынан - 22, Оңтүстік Қазақстан облысынан - 35, Ақмола облысынан - 25, Жамбыл облысынан - 33,  Павлодар облысынан 35 өнерпаз бақ сынады.

Алдағы уақытта Астана қаласынан қатысушылар іріктелетін болады. Сондай-ақ, төл өнерімізді дәріптеушілер Ресей мен Моңғолия аймақтарынан да таңдалмақ. Іріктеу турларынан түсірілген күнделіктер Ұлттық арна эфирінен жақын күндері беріле бастайды. 

Ал, жоба көрермендерге ағымдағы жылдың 3-қыркүйегінен  бастап  жол тартады.

Поделиться: