Сіздің сұрауыңыз бойынша ештеңе табылмады

«Мен қазақпын» мегажобасының Қарағанды облысындағы іріктеу кезеңіне 36 өнерпаз қатысты (ФОТО)

«Қазақстан» Ұлттық телеарнасы ұсынған «Мен қазақпын» мегажобасының Қарағанды облысындағы іріктеу кезеңі мәресіне жетті.

Шара шаһардағы Кеншілер мәдениет сарайында өтті. Кешке «Қазақстан» РТРК» АҚ Басқарма төрағасы Ерлан Қарин қатысып, үміткерлерге сәттілік тіледі.

Іріктеуге қатысқан 36 өнерпаздың ішінен үздік шыққандар:

«Терме» атылымы бойынша Нұрмұхаммед Байсүгіров, «Күй» аталымында Балқан Смағұлов, «Дәстүрлі ән» бағыты бойынша Əнуар Адамбаевтың өнері жоғары бағаланды. Жеңімпаздар  енді Астанада өтетін телевизиялық байқауда облыс намысын қорғайтын болады. 

Айта кетсек, бүгінге дейін іріктеу өткізілген өңірлерде барлығы 425 үміткер өнер көрсетті. Алматы қаласы бойынша - 47, Маңғыстау облысынан - 36, Алматы облысынан  - 43,  Атырау облысынан - 23, Шығыс Қазақстан облысынан - 36, Батыс Қазақстан облысынан - 32, Ақтөбе облысынан - 43, Солтүстік Қазақстан облысынан - 22, Қызылорда облысынан - 28, Қостанай облысынан - 22, Оңтүстік Қазақстан облысынан - 35, Ақмола облысынан - 25, Жамбыл облысынан 33 өнерпаз бақ сынады. Алдағы уақытта Павлодар облысы және Астана қаласынан қатысушылар іріктелетін болады.  

Іріктеу турынан түсірілген күнделіктер Ұлттық арна эфирінен 9-27 тамыз аралығында көрсетіледі. Ал, жоба көрерменге ағымдағы жылдың 3-қыркүйегінен  бастап  жол тартады. 

Поделиться: