Сіздің сұрауыңыз бойынша ештеңе табылмады

Жамбыл облысында  «Мен қазақпын» мегажобасының іріктеу кезеңі өтті

«Қазақстан» Ұлттық телеарнасы ұсынған «Мен қазақпын» мегажобасының Жамбыл облысындағы іріктеу кезеңі мәресіне жетті.

Қалалық Мəдениет үйінде өткен шараға 33 өнерпаз қатысты. Олардың ішінен үздік шыққандар: «Үздік күйші» - Тоғжан Сағырбаева, «Үздік әнші» - Сұлужан Әбенова, «Үздік термеші» - Оңғарбай Айдос.

Жеңімпаздар Астанада өтетін телевизиялық байқауда облыс намысын қорғайтын болады.

Естеріңізге саламыз, өңірлердегі алғашқы байқаулар Алматы және Ақтау қалаларынан маусым айының 5-нен басталады. Шілдеде Ресей, Қытай және Моңғолияда байқаулар өткізіледі. Іріктеу турынан түсірілген күнделіктер Ұлттық арна эфирінен 9-27 тамыз аралығында көрсетіледі. Ал, жоба көрерменге ағымдағы жылдың 3-қыркүйегінен  бастап  жол тартады. 

Поделиться: