Сіздің сұрауыңыз бойынша ештеңе табылмады

Елбасы «Астана ЭКСПО» нысандарын аралады

Бүгін Президент Нұрсұлтан Назарбаев «Астана ЭКСПО-2017» көрмесіне дайындық барысымен танысты, құрылыс нысандарын тексерді. Қазір қалашықта жоспарға сай абаттандыру жұмыстары жүріп жатыр.

Мемлекет басшысы соңғы 5 жылда елордаға шамамен 4,5 триллион теңге инвестиция құйылғанын айтып, ел экономикасындағы Астананың үлесі 12 пайызға дейін көтерілгенін атап өтті. Яғни, бас қала өзіне салынған қаржыны қайтара бастағанын алға тартты.

Жиында Президент Астана әкіміне бірқатар ескерту айтты. Қаланың қақ ортасында орналасқан  ескі үйлерден құтылудың жолын қарастыруға тапсырма берді.

Бақытжан ОМАР

Поделиться: