Сіздің сұрауыңыз бойынша ештеңе табылмады

Мемлекет басшысы Нұртай Әбіқаевты қабылдады

Мемлекет басшысы Парламент Сенатының депутаты, Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі Нұртай Әбіқаевты қабылдады. Кездесуде Нұрсұлтан Назарбаев саяси және экономикалық реформаларды іске асыру, сондай-ақ, қоғамдық сананы жаңғырту үрдісінде ел Парламентінің маңызды рөл атқаратынын атап өтті.

Нұртай Әбіқаев Президентке елімізде жүргізіліп жатқан реформаларды заңнамалық тұрғыдан қамтамасыз ету үшін Парламент депутаттары алдына қойылған міндеттердің орындалу барысы туралы баяндады.

Бақытжан ОМАР

Поделиться: