Сіздің сұрауыңыз бойынша ештеңе табылмады

Мемлекет басшысы Шығыс Қазақстан облысына жұмыс сапарымен барды

Бүгін Мемлекет басшысы Шығыс Қазақстан облысына жұмыс сапарымен барды. Өңірдің тыныс-тіршілігімен танысып, бірнеше нысанды аралады. Нұрсұлтан Назарбаев алдымен Өскеменнің орталығындағы  «Нұрлы жол» саябағын ашты.

Бес гектар жерді алып жатқан көпфункционалды саябақтың ортасында биіктігі 22 метр болатын монумент орнатылған. Оның айналасында халықтың емін-еркін серуен құруы үшін барлық жағдай жасалған. Осыдан 6 ай бұрын басталған құрылыс аясында саябаққа 500 түп ағаш отырғызылды. Мемлекет басшысы осы жерде қаланың әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерімен танысып, қоғам белсенділерімен кездесті.

Кейін Өскемен маңындағы көпсалалы іс-тәжірибелік шаруа қожалығына барды.

Бақытжан ОМАР

Поделиться: