Сіздің сұрауыңыз бойынша ештеңе табылмады

Астанада 2016 жылы мемлекеттік бағдарламалар аясында 2 мың 500-ден астам пәтер салынады

Сондай-ақ, Қазақстан Республикасында тұрғын үй құрылысын дамытудың 2008-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын аяқтайтын нысандар пайдалануға берілмек. Олардың арасында Сарайшық көшесінің оңтүстігіне қарай, М. Жұмабаев даңғылының шығысында орналасқан жалпы ауданы 21,8 мың шаршы метрді құрайтын 310 пәтерлік тұрғын үй кешендерінің құрылысы, Сарыбұлақ өзенінің бойында Н. Тілендиев даңғылының оңтүстігіне қарай орналасқан жалпы ауданы 3,20 мың шаршы метрлік 62 пәтерлік кешен бар.

Жалға берілетін тұрғын үй бағыты бойынша Оңтүстік-Шығыс ауданында жеке тұрғын үй құрылысы ауданында жалпы ауданы 14,40 мың шаршы метрді  құрайтын 217 пәтерлік тұрғын үй кешенін, Оңтүстік-Шығыс ауданында жеке тұрғын үй құрылысы ауданында жалпы ауданы 5,10 мың шаршы метр болатын 95 пәтерлік тұрғын үй кешенін, сонымен қатар, Көктал кентінің оңтүстік-шығысына қарай жалпы ауданы 16,30 мың шаршы метрлік 293 пәтерлік тұрғын үй кешенін салу жоспарланған.

Поделиться: