Сіздің сұрауыңыз бойынша ештеңе табылмады

«Аялаған Астана» V республикалық телевизиялық балалар байқауы іріктеу кезеңін бастады

«Аялаған Астана» – 2017 балалар байқауына 7 мен 13 жас аралығындағы әнші балалар шақырылады. Іріктеу кезеңіне қатысу үшін үміткерлер Ұйымдастыру комитетінің электронды поштасына түрлі жанрдағы 2 әннің бейнетүсірілімін жолдауы қажет. Әннің біреуін ағылшын немесе француз тілінде орындау шарт. Сапалы, жанды дауыста жазылған бейнетүсірілімдер ғана қабылданады. Оларды байқаудың Бас продюсері, қазылар алқасының төрайымы Лина Арифулина бастаған музыкалық редакторлар командасы тыңдап, іріктейді.

Өтініштер 2017 жылдың 15-і ақпанына  дейін ayalagan.astana2017@mail.ru электронды поштасы бойынша қабылданады.

Барлық ақпаратты + 7 (717) 2 70-12-14 және +7 775 000 57 71 телефон нөмірлері арқылы біле аласыздар.

Айта кетейік,  биыл  «Аялаған Астана» – 2017 балалар байқауы 5-ші рет өткізгелі отыр.

Ақтық сын «Қазақстан» Ұлттық арнасының эфирінде көрсетіледі. Биылғы байқау Астана қаласында өтетін ірі халықаралық жоба «Астана EXPO – 2017» көрмесіне арналады. Дәстүр бойынша «Аялаған Астана» байқауының жеңімпазы еліміздің намысын Халықаралық «Детская Новая волна» байқауында қорғайтын болады. Өткен 4 жылда бұл сайысқа көкшетаулық Болат Батырбаев, алматылық Данэлия Төлешова және астаналық Мұхаммедәлі Жүгінісов пен Жанель Сәдуақас қатысқан болатын.

Ендеше, «Аялаған Астана» – 2017 балалар байқауы өз үміткерлерін күтеді.

 

Поделиться: