Сіздің сұрауыңыз бойынша ештеңе табылмады

Азат Перуашев: Біз қайтсек те ауылдан қалаға  келіп жатқан жастарға мемлекет тарапынан қолдау көрсетуге міндеттіміз (ВИДЕО)

Мәжіліс депутаты Азат Перуашев Үкіметке ауыл жастарына арнап жатақхана салу мәселесін айтып, депутаттық сауал жолдаған болатын. Осы мәселеге қатысты депутат арнайы «Таңшолпанға» сұхбат берді.

«Менің ойымша, бұл жатақхана жайы өте маңызды мәселе. Өкінішке қарай, көпшілік мұны, әсіресе, әлеуметтік желілерде басқаша түсінген болатын. Біз қалай болса да ауылдан қалаға  келіп жатқан жастарымызға мемлекет тарапынан қолдау көрсетуге міндеттіміз.

Үкімет қабылдаған «Нұрлы жер» бағдарламасы арқылы әлеуметтік жағдайы төмен топтар баспана алу үшін  қалалық кезекте тұруы керек. Себебі, қалалық  тіркеуі (пропискасы) жоқ адамдар  бағдарламаның шетінде қалып қойды. Осы мәселеге қатысты арзан бірақ, заманауи қазіргі талаптарға сай жатақханалар салуды ұсындым. Ұсынысты «Ақ Жол» партиясының атынан Үкіметке жібердік. Қазіргі кезде ол Үкіметтің қарауында жатыр», дейді Азат Перуашев.

Поделиться: