Сіздің сұрауыңыз бойынша ештеңе табылмады

Рамазан Саттарұлы: Біздің жастар оқу бітіре салысымен лауазымды қызметке тұрғысы келеді

Хабар барысында әлеуметтану ғылымдарының кандидаты, ЕҰУ доценті Рамазан Саттарұлы елімізде мемлекет тарапынан берілетін әлеуметтік көмектерге қатысты өз ойын білдірді:

«Біздің ел арасында жүргізіп жүрген зерттеулеріміздің нәтижесі бойынша соңғы 10 жылда аңғарғанымыз, жалпы халық мемлекеттік әлеуметтік саясатты жоғары бағалайды. Халық атаулы көмектерді, зейнетақының ұдайы өсіп келе жатқанын оңды деп есептейді. Десек те, әлеуметтік көңіл-күйдегі әттеген-ай деген пікірлерді де айтып жатады. Ол – бағаның өсуі, жұмыссыздық».

Сондай-ақ, Рамазан Саттарұлы қазіргі таңда жастардың қандай жұмыс істейтініне  де тоқталып өтті.

Айта кетейік, бүгін «1-студия» бағдарламасы әлеуметтік салаға енгізілген өзгерістер қаншалықты жүзеге асып жатыр, енгізілген жаңалықтар нақты кімдерге қатысты, жалпы, әлеуметтің әлеуетін арттырудың жолдары қандай, деген мәселелері жайлы болды.

 

Поделиться: