Сіздің сұрауыңыз бойынша ештеңе табылмады

Бүгіннен бастап Ұлттық арнада «Парасат майданы» атты жаңа жоба эфирге шығады

Бүгіннен бастап «Қазақстан» Ұлттық телеарнасында «Парасат майданы» атты жаңа жоба эфирге шығады. Бұл жоба мәдениет, ғылым, өнер және әдебиет салаларындағы білікті мамандардың пікірсайысын ортаға салмақ.

Әр саладағы аға буын мен жас буын өкілін студияға шақырып, бай тәжірибе мен қазіргі заман жаңашылдығын салыстырып қызу талқылайтын болады.

Сондай-ақ, қазіргі қоғамның даму бағытына, болып жатқан жаңалықтар мен өзгерістерге руханият өкілдерінің төрелік айту беделін қалыптастыру, жан-жақты білімді, әлемнің үздік тәжірибесін игерген, жаңа ойлау үрдісіндегі азаматтардың тұлғалық портретін насихаттауды мақсат тұтады.

Бағдарламаны белгілі журналист Дархан Әбдік жүргізеді. Әр хабарға 2 кейіпкер қатысады. Жүргізуші сұрақтарды қонақтардың бұрын-соңды айтып жүрген батыл ойлары, тың пікірлері төңірегінде өрбітеді. Ортаға салынған ой-пікірден көрермен өз іздегенін тауып, сұрақтарына жауап алуы керек.

Бүгін 23:45-те «Қазақстан» Ұлттық телеарнасынан «Парасат майданы» бағдарламасын өткізіп алмаңыздар!

Поделиться: