Сіздің сұрауыңыз бойынша ештеңе табылмады

Егер де ана жұмыс істейтін болса, бала 1 жасқа келгенге дейін өз еңбекақысының 40 пайызы көлемінде жәрдемақы алады

Хабар барысында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова елімізде аналарға берілетін жәрдемақыға тоқталды:

«...Егер де аналар жұмыс істемейтін болса, онда бір реттік жәрдемақыны, бала 1 жасқа келгенге дейінгі жәрдемақыны республикалық бюджеттен алады. Содан кейін, егер де мүмкіндігі шектеулі бала дүниеге келген болса, аналарға 18 жасқа дейінгі жәрдемақы беріліп отырады. Ал, енді жұмыс істейтін аналарды айтар болсақ, олар бір реттік жәрдемақыны республикалық бюджеттен алып отыр. Әр ана 1 жасқа дейін мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан өзінің еңбекақысының 40 пайызын алып отыр».

Айта кетейік, бүгін «1-студия» бағдарламасы әлеуметтік салаға енгізілген өзгерістер қаншалықты жүзеге асып жатыр, енгізілген жаңалықтар нақты кімдерге қатысты, жалпы, әлеуметтік әлеуетін арттырудың жолдары қандай, деген мәселелері жайлы болды.

Поделиться: