Сіздің сұрауыңыз бойынша ештеңе табылмады

Ең төменгі зейнетақы 45 мың теңгеден асты

«1-студия» бағдарламасының  бүгінгі шығарылымында әлеуметтік салаға енгізілген өзгерістер қаншалықты жүзеге асып жатыр, енгізілген жаңалықтар нақты кімдерге қатысты, жалпы, әлеуметтің әлеуетін арттырудың жолдары қандай, деген мәселелер талқыланды.

Студия қонақтары – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова, саясаттану ғылымдарының докторы, профессор Камал Бұрханов, саясаттанушы Ғазизат Имахова, әлеуметтану ғылымдарының кандидаты, ЕҰУ доценті Рамазан Саттарұлы.

Хабар барысында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова зейнетақы мен әлеуметтік төлем алушыларға берілетін жәрдемақы жайлы айтты:

«Биыл Елбасының тапсырмасына сәйкес, біз зейнеткерлерге және әлеуметтік төлем алушыларға жәрдемақы мен зейнетақы көлемін 1-шілдеден бастап көбейттік. 2016 жылмен салыстырғанда 2 миллионнан астам зейнеткердің зейнетақысын  20 пайызға көтердік.

Қазір 2 миллионнан астам зейнеткердің 90 пайызы қолдарына көтерілген зейнетақыларын алды. 15 шілдеде зейнетақыны төлеуді біз толық аяқтаймыз. Қазір базалық зейнетақыны қосқанда зейнеткерлердің ең төменгі зейнетақысы 45 мың теңгеден асты. Ал, орташа зейнетақы 66 696 теңге болып отыр. Ал, ең жоғары зейнетақы 90 мыңнан асты».

Сонымен қатар, Тамара Дүйсенова дүниеге келген сәбилерге берілетін жәрдемақы жайлы да айтып өтті.

Поделиться: