Сіздің сұрауыңыз бойынша ештеңе табылмады

Әуе әскерлері 7 мамыр күні өтетін парадқа дайындықты бастады

Бүгін Астана әуежайында, ҚР Қарулы Күштерінің әуе әскерлері парадқа дайындығын бастады. 7 мамыр күні өтетін әуе шоуы кезінде  сарбаздар Елорда көгінде самғап, жұртшылықтың ілтипатына бөленбек.

Көкке көтерілген  «Ми-17 және 26» тікұшақтарымен қатар «Ан-26», «Л-39», «Су-25-27» және «МиГ-31» әскери ұшақтарының көрсеткен өнерлері де көптің көңілінен шығып қана қоймай, қорғанысымыздың қажыр-қайраты мен елдігіміздің абыройын айшықтап берді. Әуе парадының бір қиын жері   ұшқыштар қашықтық пен жылдамдықты асқан дәлдікпен есептеуі тиіс.

 Ғабит БӨКЕНБАЙ

Поделиться: