Сіздің сұрауыңыз бойынша ештеңе табылмады

Бүркітші Айшолпан Нұрғайыпқызы - ХХІ ғасырда қазақты әлемге танытқан бес адамның бірі

«Google» іздеу жүйесінің мәліметіне сенсек, ХХІ ғасырда қазақты әлемге әйгілі еткен 5 адамның бірі бүркітші қыз -  Айшолпан Нұрғайыпқызы. Қандасымыз Моңғолияның Баян-Өлгей аймағында тұрады. Жыл сайын көшпелі өмірдің символына айналған қызды өз көзімен көру үшін өр Алтайға мыңдаған турист барады. Қазақ қызы туралы ондаған фильм түсіріліп, жер-жаһанның түкпір-түкпірінде көрсетілді. Өрелі қызға әлемнің үздік университеттері грант ұсынып, шақырып отыр. Айтпақшы, жуырда ғана Айшолпан Нью-Йоркте «Азияның батыр қызы» деген марапатқа ие болды.

Қарапайым қазақ қызының өмірі дүниені жалғыз-ақ сәтте дүр сілкінтті. Бұған, АҚШ режиссері Отто Беллдің сіңірген еңбегі ерен.

Айшолпан қазір Баян-Өлгейде интернатта оқиды. Оған АҚШ-тың Гарварды мен ағылшынның Оксфорды қызығып отыр. Екеуі де «кел»-деп, грант ұсынған. Өр Алтайдың өрелі қызы әзірге соңғы сөзін айтып, таңдау жасаған жоқ.

Айшолпан Нұрғайыпқызы, бүркітші:

- Біздің мектепте 6 тіл кіреді. Ағылшын, герман, орыс, қазақ, моңғол және түрік тілі.

Айшолпанның «Asia Game Changer Awards - 2017» сыйлығын иемденген сәті. Мұндай марапат жыл сайын «Азия мен әлемнің» дамуына үлес қосқан тұлғаларға ғана табысталады. Жалпы, 13 жастағы қыз баланың белін буып, 18 метр қиядағы бүркіттің ұясына тастау әр әкенің қолынан келмейді. Ал, қыранды қолға баулып, аңға салудың әлегі мен әуресі тіптен қиын. Әкесі «Айшолпаным төккен терімнің тәтті жемісі», - деп марқайып отыр.

Айшолпанның қиядан алған балапаны қазір қыран. Біраз бәсекеде бағы жанып, бәйге алған.

Айшолпан Нұрғайыпқызы, бүркітші:

- Мына бүркіт 78 бүркітшінің ішінен рекорд бұзды.

Айшолпанды көру үшін жыл сайын Баян-Өлгейге 2 мың саяхатшы келеді. Бұл - туристтік компания басшысы Қанат Шериязданұлының пікірі.

Қанат Шериязданұлы, «Көкжал» туристік компаниясының басшысы:

- Тек Айшолпан деп келетін туристтер саны 35 пайызға өсті.

Ғабит Бөкенбай, тілші:

- Адам мен табиғаттың табысты үйлесімін дәл осы жерден көруге болады. Адам өміріне қажеттінің бәрін табиғат-ана өзі беріп тұр. Ал, Айшолпан феномінін түсінгіңіз келсе, онда осы өмірдің дәмін татып көру керек.

Ғабит БӨКЕНБАЙ

Поделиться: