Сіздің сұрауыңыз бойынша ештеңе табылмады

«Қазавиақұтқару» АҚ директоры Мәлік Досымбеков ірі көлемде пара алу кезінде ұсталды

Ірі көлемде пара алғандар ұсталды. Бұл жолы «Қазавиақұтқару» АҚ директоры Мәлік Досымбеков пен «Қазавиа орманды қорғау» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының директоры Төлеуғазы Сексенбаев қызмет бабын асыра пайдаланған. Бұлай деп Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі ұлттық бюроның баспасөз қызметі хабарлады. Олар 12 миллион АҚШ доллары тұратын «МИ-171Е» маркалы тікұшақты алу келісімшартына қол қою барысында 50 мың АҚШ доллары көлемінде пара алған. Ал, параның жалпы көлемі 100 мың АҚШ доллары болған. Қазір күдіктілер қамауға алынып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

 

Оңғар АЛПЫСБАЙ

Поделиться: