Сіздің сұрауыңыз бойынша ештеңе табылмады

Солтүстік Қазақстан облысында боранда адасып кеткен мұғалім қайтыс болды

Солтүстік Қазақстан облысында кешегі ақтүтек боранда адасып кеткен мұғалімнің денесі табылды. Уәлиханов ауданы Береке ауылында тұратын бар-жоғы 20 жастағы мұғалім мектептен шыққан соң үйіне қайтып оралмаған. Ол ұйытқыған боранда жұмыстан келе жатып, ауылдасының үйіне аялдаған. Дауыл басылмай қойған соң үйіне баруға бел буып, шығып кеткен. Болжам бойынша ол жолды таба алмай адасып кеткен. Оның мүрдесі бүгін ауылдан 10 шақырым жерден табылды. Мұғалімнің денесі туған жері Степногорск қаласына жіберілді. 

Дулат Нұрмазанов,  СҚО ІІД Жедел жоспарлау басқармасының аға испекторы: 

- 20 жасар із-түзсіз жоғалған Береке ауылының тұрғыны ауылдан 10 шақырым жерден табылды. Қайтыс болған адамның денесінде зорлықпен өлтірілген белгілер жоқ.  Мәйіт сот-медициналық сараптамаға жіберілді. 

Самат САПАРАЛЫ

Поделиться: