Сіздің сұрауыңыз бойынша ештеңе табылмады

Бүгін Мемлекет басшысы Швейцария конфедерациясының президентімен кездесті

Басқосу алдында Нұрсұлтан Назарбаев пен Дорис Лойтхард дәстүр бойынша суретке түсті. Кейін қос президент екіжақты қарым-қатынас жайын талқылады. Нұрсұлтан Назарбаев мәртебелі мейманға «ЭКСПО» аясында өтіп жатқан Швейцарияның ұлттық күніне қатысқаны үшін алғыс айтты. Кездесуде екі ел арасындағы саяси және экономикалық байланыстарды нығайту жайы қарастырылды. Кейін Президент Дорис Лойдхардқа Астананың архитектурасы жайында ақпарат берді. «Нұр әлем», «Хан Шатыр» ойын-сауық орталығы, «Нұрлы жол» вокзалы, «Астана Опера» сияқты зәулім ғимараттарды өз көзімен көруге кеңес берді. Ал, Швейцария конфедерациясының президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа кездесу үшін ризашылық білдіріп, «ЭКСПО-2017» көрмесінің сәтті ұйымдастырылуымен құттықтады.

 

Бақытжан ОМАР

Поделиться: