Сіздің сұрауыңыз бойынша ештеңе табылмады

Нұрсұлтан Назарбаев Испания Корольдігі Депутаттар конгресінің төрайымы Ана Пастормен кездесті

Қазақстан Президенті елімізге сапармен келіп, «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесінде Испания павильонының ашылуына қатысқаны үшін А.Пасторға алғыс айтты.

«Көрмеміздің ашылу салтанатына 17 шет мемлекеттер және үкіметтер басшыларымен бірге, Испания Королі VI Фелипе де қатысқан болатын. Біз осы іс-шара аясында жүздестік. Аса мәртебелі Испания Королі Қазақстанға қызығушылық танытып, бірқатар іскерлік кездесу өткізді», – деді Мемлекет басшысы.

Нұрсұлтан Назарбаев елдеріміз арасында екіжақты достық қарым-қатынас орнағанын, экономика мен саясаттағы байланыстарымыз жемісті дамып келе жатқанын айтып, халықаралық күн тәртібіндегі мәселелер бойынша ұстанымдарымыз ұқсас екеніне тоқталды.

«Қазақстанға сапары кезінде Аса мәртебелі Испания Королімен бірге Испанияның іскер топтар өкілдері мен үкімет мүшелері келді. Олар Қазақстандағы әріптестерімен жемісті келіссөздер өткізді», – деді Қазақстан Президенті.

Мемлекет басшысы Испания Королі VІ Фелипе мен үкіметіне жоғары марапаты үшін жылы лебізін жолдап, Король І Хуан Карлос пен оның жұбайы София Патшайымға амандық және табыс тіледі.

Испания Корольдігі Депутаттар конгресінің төрайымы мемлекеттеріміз арасында достық қарым-қатынас орнағанын айтып, Испания делегациясына дәстүрлі түрде қонақжайлық көрсеткені үшін ризашылық білдірді.

«Мен Сіздің еліңізді дамыту мен өркендету жолындағы қызметіңіз, күш-жігеріңіз туралы алғаш рет Испания Королі І Хуан Карлостан естідім. Дәл сол кезде Испания Королі І Хуан Карлос Қазақстандағы әріптестерімізбен іскерлік байланыстар орнату қажеттігін айтқан болатын. Бүгінде Қазақстан Сіздің арқаңызда зор табысқа қол жеткізіп отыр», – деді А.Пастор.

Бұдан бөлек, Испания Корольдігі Депутаттар конгресінің төрайымы Қазақстан Президентіне Испания Королі отбасының жылы лебізін жеткізді.

Поделиться: