Сіздің сұрауыңыз бойынша ештеңе табылмады

Сергей Курдюков «Kazsport» телеарнасының семинарына қатысты

Бүгін  «Kazsport» телеарнасының комментаторларына көрсетілімдерді жүргізуде терминдерді қолдану бойынша семинар өткізілді.  Тақырып: «Қазақстандық көрсетілімдерде халықаралық спорт терминдерін қолдану және оларды қазақ, орыс тілдерінде пайдалану. Көрсетілімдерді арнайы маманмен: бапкер, спортшы немесе сарапшымен жұптасып жүргізудің ерекшеліктері».

Семинарға «Kazsport» телеарнасының комментаторлары, шақырылған журналистер және «Eurosport» телеарнасының комментаторы Сергей Курдюков қатысты.

Назарларыңызға әрбір сұраққа жылы ілтипатпен жауап берген Сергей Курдюковпен сұхбатты ұсынамыз.

-Неліктен сіз велоспорт және белгілі қысқы спорт түрлерінің комментаторы болдыңыз? Неге футбол немесе хоккей емес?

-Бұл мәселені мен көп рет түсіндіргенмін. Мен өзім айналысатын спорт түрлерін ғана жүргіземін.  Оларды бүге-шігесіне дейін түсінемін. Сол себепті, репортаждар кезінде  оп-оңай жұмыс істеймін. Өзіңді күштеп, мотивация іздеудің керегі жоқ. Бұл менің әлеміме кіреді.  Мені өзім жүргізетін спорт түрлері ғана  қызықтырады деп айтуға болмайды. Шартты түрде айтсақ, кішігірім Олимпиадада тау-шаңғы жарыстарында еңбектендім. Аталған спорт түрі - менің өмірімнің біршама бөлігі. Бірақ, жоқ затты бар деуге болмайды. Тәулігіне 24 сағат комментаторлықпен айналысу мүмкін емес. Өмір одан да басқа қызыққа толып жатыр.

- Сізді «Еуроспорттың» алтын дауысы» деп атағанға қалай қарайсыз?

Бұл – журналистік штамп. Алтын дауыс, күміс дауыс, қола дауыс. Ағаш дауыс, егер төртінші орында болса.

Түптеп келгенде, мен аты шулы титулдарды ұнатпаймын. Мұндайды құлағымның жанынан өткіземін. Ал, көрерменнің жоғары бағалауы мені қуантады.  Өз ісінің кәсіпқой маманы  ретінде жұмыс істейтінім маған ләззат алып келеді, бұл - мен үшін маңызды.  Бастысы, халыққа ұнауы. Бірақ, мен  аты шулы титулдар жән шеттен шыққан эпитеттерге сақтықпен қараймын. Мұндайдан аулақ жүруге тырысамын: мен бөлек және эпитеттер бөлек. Тыңдарманның жақсы қарауы қуантады. Менмендік ету – қызығы жоқ іс.

-Сіздің сүйікті велокомандаңыз бар ма? Бар болса, неліктен ол ұжымды ұнатасыз?

Әр түрлі себептерге байланысты менің сүйікті велокомандаларым көп емес. Олардың кейбіреуі тек спорт тарихында ғана қалды. Біреулері маған күресті жүргізу түрімен ұнаса, кейбіреулері ішкі ұйымдастыруымен ұнайды. «Астанаға» тоқталсақ, біз жігіттермен ең басынан біргеміз. Бұл велоұжымға бағалайтын адам емес, басқаша қараймын. Мұнда өзіндік бастама мен достық бар. Басқа командалар бір бағыт қана бойынша қызықты болуы мүмкін. Бұл тұрғыдан маған классикалық біркүндік ұжым ретінде «Quick-Step» ұнайды. Олар небір ғажап істерді көрсетеді. Тактика мен азарт тұрғысынан олар  керемет команда. Мен жарқын өмірге қуанатын, үрдіске қуана білетін қарапайым ұжымдарды да ұнатамын. Негізінде,  құп көрмейтін екі-үш команданы табу оңайырақ. Ал, жақсы ұжымдар өте көп.

- Спорттық журналистикадағы тәжірибелі маман ретінде жас комментаторларға және осыған маманданып жүрген жастарға қандай кеңес бересіз?

-Комментаторлыққа жылдар өте келе оған қызығушылығыңды жоғалтып алмауға сенімді болған соң барып келген дұрыс. Өзіңнің алдында адал болуың керек. Қызығушылық жоғалған кезде дамуға құлшыныс жоғалады. Бұдан өзіңмен бірге, телекөрермендер де зардап шегеді.

- Сіздің эфирге қалай дайындалатындығыңыз туралы білу барлығына қызық. Осы туралы айтып өтсеңіз..

-Маңызды шаралар кезінде ол ортадан бір минутқа да алшақтамаймын. Әрдайым ақпараттық кеңістікте боламын. Міндетті түрде бір дерекпен емес, өзімді эмоцияға да толтыруды қалаймын. Мұны сөзбен жеткізу қиын.  Бұл - мені ашатын аура. Велоспорттағы кез келген көріністі қалт жіберетін сәтім сирек.  Мұндай мамандықта сұрақ дайындықта емес. Велоспорт педалін айналдырамын, жазамын, болмаса, әріптестерімнің жасағанын көшіремін. 

- Қазақстандағы велоспорттың дамуын қалай бағалайсыз?

-  Қазақстанда велоспорт даму үстінде. Мұның әр кезеңін бақылаудамыз. Даму ешқашан бірқалыпты болмайды. Әр жыл сайын Винокуровтар туа бермейді. Спорттың қай түрі болмасын нағыз таланттар сирек туады. Ал, жоғары санатты кәсібилер барлық жерде бар.

Сергей Курдюковке естелікке «Kazsport» телеарнасының кәдесыйы мен арнаның төрт жылдығына арналған жейде табысталды.

Поделиться: