Сіздің сұрауыңыз бойынша ештеңе табылмады

VIII Қысқы Азия ойындарында Қазақстанның Туы көтерілді (ВИДЕО)

Бүгін Жапонияның Саппоро қаласында өтетін  VIII Қысқы Азия ойындарында Қазақстанның Туы көтерілді.

11 спорт түрінде 64 медальдар жиынтығы сарапқа салынады. Барлық спорт түрі бойынша еліміздің намысын 116 спортшы қорғайтын болады.

Ақ Азияданың алауы 19 ақпанда тұтанады, ал, ертең шайбалы хоккей мен керлингтен іріктеу бәсекелері басталады. Шайбалы хоккейден Қазақстан әйелдер құрамасы алғашқы ойынды айдын иелерімен бақ сынайтын болады.

Азиада ойындарындағы қазақстандық спортшылардың жарысын «Kazsport» арнасынан көре аласыздар. 

 

Поделиться: