Сіздің сұрауыңыз бойынша ештеңе табылмады

Цифрландыру – заман талабы

Заман ағымына ілесіп жылдам, жеңіл әрі сапалы қызмет көрсетуге қауқарсыз ел көп игіліктен қалыс қалады. Сондықтан, тиімді мемлекеттік басқаруда жаңа технологияларды енгізу - кезек күттірмейтін мәселе.

Елбасы өз жолдауында соған баса мән беріп, мазмұнын ашып айтқан еді. Онда кәсіпкерлер мен тұрғындардың шығындарын қысқарту және қажеттіліктерін кедергісіз өтеу қағидаты үлкен маңызға ие.

Қазір халыққа қызмет көрсету орталығынсыз жұмыс бітпейді. Сондықтан ақпараттық жүйенің артықшылығын ескеріп, оны енгізуге асығатын бірден-бір орган осы. Мәселен, былтыр елімізде 38 млн-ға жуық мемлекеттік қызмет көрсетілді. Бұл «бір терезе» қағидатымен іске асырылса, енді бір сәтте кешенді қызмет алуға мүмкіндік жасалмақ.

Мұрат Жұманбай, «Азаматтарға арналған үкімет» МК қоғаммен байланыс департаментінің директоры:

Мемлекеттік қызметтерді көрсету үрдісін ұдайы дамыту үстіндеміз. Егер кезінде «бір терезе» қағидатына көшуді үлкен жетістік ретінде көрсетсек енді біз сол қағиданы дамыту арқылы «бір өтініш» қағидасына көшіп жатырмыз. Бір өтініш арқылы бірден бірнеше қызметті пайдалана алуға мүмкіндігі болады.

Бұл нұсқа жолдауда бар. Бұдан басқа азаматтарға арналған үкімет халық қажеттілігін алдын-ала болжайтын болды. Мысалы аналар перзентханадан шықпай-ақ сәбиінің есімін қойып, төлқұжатын рәсімдеп әрі балабақшаға да тіркете алады. Жалпы бүгінде мемлекеттік қызметтің 83 пайызы, яғни 740-тан астам түрі көрсетіледі. Арнайы комиссия соның 200-ін цифрландыру бойынша оңтайландырып жатыр. 

Айжан Мұқышбаева, Әлемдік экономика және саясат институтының сарапшысы:

Қазақстан сияқты территориясы үлкен елдерге жалпы өзінің шығындарын оңтайландыруға мүмкіндік береді қызмет көрсетуде. Себебі, көптеген бизнес процестер олар автоматтандырылып қашықтан басқарылатын болады. Мысалы Астанадан, облыс орталықтарынан басқарылып түкпір-түкпірдегі аудан орталықтарындағы ауыл халқына қызмет электронды түрде жеткізілетін болады.

Қазақстан әлемдік экономиканың мүшесі ретінде жаңа технологиялардан қол үзе алмайды. Себебі АҚШ, Ұлыбритания, Германия, Жапония мен Корея сияқты технологиялық державалар цифрландыруға көшіп, өнеркәсіп салалары роботтанып жатыр. Нәтижесінде еңбек өнімділігі артады, ал өнімнің өзіндік құны төмендейді. Осы тұрғыда жолдауды өзекті мәселелердің шешімін көрсеткен кешенді құжат,-дейді сарапшылар. 

Нысаналы ЫҒЫЛ

Поделиться: