Сіздің сұрауыңыз бойынша ештеңе табылмады

Жамбыл облысында Елбасы Жолдауын саралаған алқалы жиын өтті

Басқосуда заманауи өндіріс, жаңа технологиялар, көлік логистикасын дамыту  мәселелері талқыланды. Сондай-ақ, мемлекетті тиімді басқару,  адам капиталын нығайту тұрғысында келелі ой, маңызды ұсыныстар айтылды. Бұл орайда «Цифрлы Қазақстан» жобасының да маңызы зор, - дейді жиылғандар. Мемлекет басшысы жүктеген міндеттерді жастар жүзеге асыруға ниетті.

Ерсұлтан Ерманов, компанияның бас директоры:

- Мен Сингапур университетінің түлегімін. Ол жақтың білім жүйесімен жақсы таныспын. Солармен бірлесе қашықтықтан және персоналды оқытатын платформаны жасап шығардық. Қазір серіктестеріміз Сингапурда бұл жобаны талқылауда. Жоғары бағаланып отыр. Цифрлық жүйеге көшуде Сингапурдың көшбасшы екенін ескерсек, тың жоба тиімді болады деп сенемін.  

«Ақылды технология - агроөнеркәсіп кешендерін қарқынды дамытудың бірден бір жолы. Ол үшін еңбек өнімділігін арттырып, шикізатты қайта өңдеуге және өнімді экспортқа жөнелтуге басымдық беру керек», - деді өңір басшысы. 

Берік  Егембердиев, «Меркі ет комбинатының» директоры:

- Бүгінде тәулігіне 1500 ұсақ мал, 300 бас ірі қара мал сойып, өңдеуге «Меркі ет комбинатының» толық мүмкіндігі бар. Былтыр комбинат толық модернизациядан өтті.

Жалғас САҢҒЫЛ

Поделиться: