Роман Еремин биатлоннан 52-орында
Бұл сынға құрама сапынан спринт сайысында үздік алпыстыққа енген жалғыз отандасымыз Роман Еремин жолдама алған болатын. Спринт сайысының жеңімпазы, неміс Арнд Пайфферден 1:43.00 минут уақытқа кешіккен отандасымыз жарысты 43-нөмірмен бастады


Із қуу сайысының спринттен айырмашылығы, бұл сында спортшылар 4 мәрте көздеп ату сәтіне тоқтайтын болады. Алғашқы ату сәтінде 2 қателік жіберген Еремин үздіктерден алыстай түсті. Жалып есептегі көздеп ату барысындағы 8 қателіктің салдарынан Роман Еремин 150 метрлік айып алаңын бернеше рет айналып өтуге тура келді.


Жалпы кестеде жерлесіміз сайыс жеңімпазы француз Мартен Фуркадтан +5:59.4 минутқа қалып, 52-орынға тұрақтады.