Дмитрий Рейхерд пен Павел Колмаков медальдан тыс қалды
Қос спортшы да іріктеу кезеңінен сүрінбей өтіп, финалдық бәсекелерге тікелей жолдама алған болатын. 
Аталмыш сында отандасымыз Павел Колмаков жарыс жолына 14-ші болып шықса, Дмитрий Рейхерд 18-ші нөмірмен бақ сынады. Алғашқы финалдық сайыстан сүрінбей өткен қос спортшы үздік  12 спортшының арасындағы медальдарды сарапқа салатын үздік алтылыққа ене алмады.


Сын сағатында отандасымыз Павел Колмаков 76.10 ұпаймен 7-орында болса, Дмитрий Рейхерд 58.64 ұпаймен 8-орынға тұрақтады. 


Естеріңізге сала кетейік, Пхенчхандағы Қысқы Олимпиада ойындарында спорттың дәл осы түрінде әйелдер арасында жерлесіміз Юлия Галышева қола медальге ие болған еді.