Олимпиада-2018. Қазақстандықтардың 12-ақпан күнгі жарыс жолындағы нәтижелері
Бүгін XXIII Қысқы Олимпиада ойындарында қазақстандықтар спорттың төрт түрі бойынша сынға түсті.

Биталоннан 10 км із қуу сайысы өз мәресіне жетті. Бұл сынға құрама сапынан екі отандасымыз Галина Вишневская мен Дарья Климина жолдама алған болатын. Вишневская 20-шы орынмен, Дарья Климина 57-орынмен жарысты аяқтады. Ал, спринт сайысында үздік алпыстыққа енген жалғыз отандасымыз Роман Еремин 52-орынға тұрақтады.

Фристайлдан жерлестеріміз Павел Колмаков пен Дмитрий Рейхерд іріктеу кезеңінен сүрінбей өтіп, финалдық бәсекелерге тікелей жолдама алған болатын. Қорытынды бойынша Колмаков 76.10 ұпаймен 7-орынға, Рейхерд 58.64 ұпаймен 8-орынға тұрақтады.

Ал, конькимен жүгіруден Екатерина Айдова 1 500 метр қашықтықты 1:59.05 минутта сырғанап, жарысты 18-ші орынмен аяқтады. Сайысты бүгін 00:05-те «Qazsport» арнасынан көре аласыздар.