Қазақстан жалпы командалық есепте 16-шы орында
Ақ Олимпиаданың басталғалы 6 күн өтті. Пхенчхандағы төртжылдықтың додасында еліміз қоржынындағы жалғыз қола медальмен 16-орында тұр.


Естеріңізде болса, фристайлдың могул түрі бойынша отандасымыз Юлия Галышева «қола» жүлдеге ие болған еді.


Сонымен қатар, жалпы есепте 16-шы орынды елімізбен қатар Италия құрамаса да бөліп тұр. Сән әлемінің отаны қоржынында да жалғыз қола. Ал, кестенің үздік үштігін Германия құрамасы бірінші орынмен (4 алтын, 2 күміс, 1 қола). Нидерланды елі екінші (3-2-2) және Норвегия үшінші (2-4-3) толықтырады.