Конькимен жүгіру. Мезенцев 28-ші, Кузмин 30-шы
Олимпиада ойындарының 1500 метр қашықтықты конькимен жүгіріп өту сайысы бойынша жарыс күні аяқталды. Бұл сында елімізден Федор Мезенцев пен Денис Кузмин бақ сынаған еді.


1500 метрлік қашықтықта Олимпиаданың алтын жүлдесін голландиялық Кьелд Нуис жеңіп алды. Ал, күміс және қола медаль тағы бір нидерландтық Патрик Роэст және оңтүстіккореялық Ким Мин Сеоктың еншісінде кетті.
Ал, отандастарымыз Федор Мезенцев жарыс жеңімпазынан +4.22 уақытқа кеш келіп, 28-ші орынды місе тұтса, Денис Кузмин 30-шы (+5.13) орында.


Фото:sport.kz