Элизабет Тұрсынбаева еркін бағдарламада өнер көрсетті
«Пхенчхан – 2018» Олимпиадасында мәнерлеп сырғанаудан еркін бағдарламада отандасымыз Элизабет Тұрсынбаева өнер көрсетті.


Жас спортшы мұзға 7-ші нөмірмен шыққан болатын. Еркін бағдарламадағы өнері үшін Элизабет 177.12 ұпай жинап, әзірге көш басында. Естеріңізге сала кетейік, еркін бағдарламада мәнерлеп сырғанаудың қысқа бағдарламасынан сүрінбей өткен 24 спортшы қатысады.