Шаңғы жарысы. Алексей Полторанин жүлдені уысынан шығарып алды
Оңтүстік Кореяның Пхенчхан қаласында өтіп жатқан ХХІІІ Қысқы Олимпиада ойындарында шаңғы жарысынан 50 км еркін стильдегі масс-старт сайысы аяқталды.

Аталған сында Қазақстан құрамасынан Алексей Полторанин Виталий Пухкало, Евгений Величко бақ сынады.

Белгіленген қашықтықты білікті отандасымыз Алексей Полторанин 2:13:37.1 уақытта жүріп өтіп, соңғы айналымда жүлдені уысынан шығарып алды. Қорытынды кестеде 15-орынға тұрақтады. Ал, Евгенний Величко жарыс жеңімпазынан 13 мнинутқа кеш келіп, 39-шы орынды қанағат тұтты. Виталий Пухкало 52-ші орынға жайғасты.

Масс-стартқа тіркелген төртінші отандасымыз Денис Волтока жарыс жолына шықпады.

Жарыс жеңімпазы болып фин спортшысы Иво Нисконен атанды, күміс және қола медаль ресейлік Александр Большунов пен Андрей Ларьковқа бұйырды.