Конькимен жарысу. Федор Мезенцев жартылай финалдан өтпеді
ХХІІІ Қысқы Олимпиада ойындарында конькимен жарысу спорты бойынша масс-старт сайысына шыққан отандасымыз Федор Мезенцев жартылай финалдан аса алмады.  Алғашқы топта өнер көрсеткен қазақстандық спортшы белгіленген қашықтықты 11-орынмен аяқтады. Финалдық бәсекеге үздік шыққан 8 спортшы өтті.