Сіздің сұрауыңыз бойынша ештеңе табылмады

Жоба туралы

«Қызық екен...»

«Қызық екен...» әлемге танымал «Fremantle media» компаниясының жаңа өнімі. Бұл интеллектуалдық ойын-сауықтық бағыттағы телевикторина. Ойын екі топ арасында өтеді. Әр топ берілген сұраққа жауап беру арқылы ақшалай сыйлыққа ие болады.

Жобаның толық сипаттамасы: Бір ай бойы әр топтың тұрақты топ басшысы болады. Топ басшылары ай сайын өзгереді.   Залда ойыншыларды қолдап келген жанкүйерлер  болады. Ойын барысында екі  топқа 12 тақырып бойынша сұрақ қойылады. Сұрақтың 3 жауап нұсқасы бар. Дұрыс жауап сюжет, графика немесе анимация түрінде беріледі. Сонымен қатар тәжірибені қажет ететін сұрақтар да бар. Ал оның дұрыс жауабын «Ғаламтор ғалымы» атты кейіпкер студияда тәжірибе жасап көрсетеді.  Сұрақтар әрқилы болуы мүмкін. Топ көп сұрақтың дұрыс жауабын тапса, ақшасы да еселене түседі.

Негізгі 12 тақырыптан соң, финал ойнатылады, яғни 13 сұрақ қойылады. Финалда топ жинаған қаржысынан сұраққа ақша тігеді. Бірақ қарсыластар қандай сома тігілгенін білмейді. Екі топқа ортақ сұрақ қойылады. Сұраққа жауап беру үшін 20 секунд беріледі. Егер топ дұрыс жауап берсе, бәс ретінде тігілген ақша негізгі қаражатқа қосылады. Қате жауап берсе, жинаған ақшасы күйіп кетеді. Қай топтың жинаған қаржысы көп болса, сол топ жеңіске жетеді және ұтыс ақшасын топ мүшелері мен залдағы жанкүйерлер бөліп алады.  «Қызық екен...» - балаға да, қариялар мен жастарға да тың ақпарат алуға және демалуға мүмкіндік беретін шоу.

Жоба жетекшісі: Серік Акишев

Продюсері: Маржан Жұмағазина

Өндіруші компания: Telemasters.kz

Бас редакторы: Әйгерім Досым

Жүргізушісі: Рахман Омар

Түпнұсқаның эфирге шығатын уақыты: 18:10  

Қайталау уақыты: 11:35

Ұзақтығы: 40 минут

Жиілігі: аптасына 4 рет

Жанры: интеллектуалдық – ойын-сауықтық шоу;

Байланыс телефоны: +7 (747) 606-35-82,  8  (727)-2484670

E-mail: telemasterskaya@gmail.com

Facebook: «Қызық екен» ТВ-шоу

Вконтакте: «Қызық екен» ТВ-шоу

Instagram: @kyzyk_eken_tv

YouTube: TELEMASTERS.KZ

WhatsApp: 87017350314

Жоба видеосы

{{selectedVideo.currentTranslation.name}}

{{selectedVideo.currentTranslation ? selectedVideo.currentTranslation.description : 'No translation'}}

{{video.viewsCount | number}}

Жоба жаңалықтары

Барлық жобалар

{{newsItem.currentTranslation.name}}

#{{newsItem.projectNewsHashtags[0].hashtag.name}}

Арнаның бетке ұстарлары

{{face.currentTranslation.name}}

{{selected.currentTranslation.name}}

{{selected.currentTranslation.information}}

Басқа жобалар

Басқа жобалар
{{projectItem.mainTvProgram.time | asDate:'HH:mm'}}
{{projectItem.mainTvProgram.time | asDate:'EEEE'}}

{{projectItem.currentTranslation.name}}

{{projectItem.category}}
{{projectItem.currentTranslation.content | htmlToPlaintext}}