Сіздің сұрауыңыз бойынша ештеңе табылмады

«Қазақстан» РТРК» АҚ қосымшасының құпиялылық саясаты

Құпиялылық саясаты

«Қазақстан» РТРК» АҚ қосымшасының әкімшілігі қосымшаны (бұдан әрі құжат мәтіні бойынша - Қосымша)  пайдаланудың осы қағидаларының бұдан әрі - «осы Қағидалар») шарттарына сәйкес Қосымшаны пайдалануға мүмкіндік береді, сондай-ақ Қосымша пайдаланушылардың құқықтары мен мүдделерін сақтауға міндеттенеді.

Қосымшаның әкімшілігі біздің Қосымша пайдаланушыларының жеке мәліметтерінің құпиялылығының маңыздылығын мойындайды. Бұл парақ сіз Қосымшаны пайдаланғанда біз қандай ақпаратты алғанымыз және жинағанымыз туралы мәліметті көрсетеді.

Автоматты түрде Қосымшаны пайдалану сіздің бұл қағидалармен танысқаныңызды және келісіміңізді бергеніңізді растайды. Қосымшаның мақсаттарына қол жеткізу үшін талап етілетіннен артық ұсынылған жеке ақпараттың толық мөлшері Сізбен өз қалауыңыз бойынша ерікті түрде ұсынылады.

 

1. Жалпы ережелер

 

1.1. Осы мәтін ресми құжат болып табылады және Қосымшаны және оның сервисін пайдаланатын жеке тұлғалардың (бұдан әрі - Пайдаланушылар) ақпаратты өңдеу және қорғау тәртібін анықтайды.

1.2. Осы Құпиялылық саясатының мақсаты Пайдаланушылар туралы, соның ішінде олардың жеке деректеріне рұқсатсыз кіру мен жариялаудан қорғау туралы ақпараттың дұрыс қорғалуын қамтамасыз ету болып табылады.

1.3. Қосымшаның пайдаланушылары туралы ақпаратты жинауға, сақтауға, таратуға және қорғауға қатысты қарым-қатынастар осы Құпиялылық саясатымен, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен және Қосымша әкімшілігімен белгіленген басқа да қағидалармен реттеледі.

1.4. Осы Құпиялылық саясаты Қосымшаға және Қосымша арқылы жиналған ақпаратқа ғана қолданылады. Ол басқа қосымшаларға қолданылмайды және қосымшаға сілтеме жасалуы мүмкін үшінші тараптың веб-қосымшаларына қолданылмайды.

1.5. Қосымшаны пайдалана отырып, Пайдаланушы осы Құпиялылық саясатының шарттарымен келіседі.

1.6. Пайдаланушы осы Құпиялылық саясатының шарттарымен келіспеген жағдайда, Қосымшаны және оның сервисін пайдалану дереу тоқтатылуы тиіс.

 

2. Қосымшаны пайдалану шарттары

 

2.1. Қосымшаны және оның сервисін пайдалану мүмкіндігін беру арқылы Қосымшаның Әкімшілігі ұтымды және адал әрекет етіп, Пайдаланушы:

 — осы Қосымшаны пайдалануға мүмкіндік беретін барлық қажетті құқықтарға ие;

 — Қосымшаны және оның сервисін пайдалану үшін қажетті мөлшерде өзі туралы сенімді ақпаратты көрсетеді;

 — Құпиялылық саясатымен келісетінін білдіреді және өзіне осы құқықтар мен міндеттерді қабылдайды деп есептейді.

2.2. Қосымшаның әкімшілігі Пайдаланушылар туралы алынған (жинақталған) ақпараттың шынайылығын тексермейді, осындай тексеру Пайдаланушылар алдындағы Қосымша әкімшілігінің міндеттемелерін орындау мақсатында қажет болған жағдайларды қоспағанда.

3. Ақпаратты өңдеу мақсаттары

Қосымшаның әкімшілігі Бағдарламаның шарттарын орындау және Бағдарламаны ұйымдастырушының Пайдаланушылар алдындағы міндеттемелерін орындау мақсатында Пайдаланушылар туралы, соның ішінде олардың жеке деректері туралы ақпаратты өңдеуді жүзеге асырады.

4. Пайдаланушылар туралы ақпараттың құрамы

4.1. Пайдаланушыны анықтау үшін қажетті ақпарат. Пайдаланушыны анықтау және Бағдарлама шеңберінде байланыс жасау мақсатында Қосымшаның әкімшілігі Бағдарламаға қатысушы Пайдаланушының ұялы телефон нөмірін пайдаланады.

4.2. Қосымшаның әкімшілігімен өңделетін Пайдаланушылар туралы басқа ақпарат. Қосымша әкімшілігі сондай-ақ Пайдаланушылар туралы басқа ақпаратты өңдейді, оларға кіреді:

4.2.1. Қосымшада Пайдаланушының әрекеттерінің нәтижесінде алынған ақпарат.

Пайдаланушы туралы осы ақпаратқа Пайдаланушы рейтингісінде қатысқан жағдайларды қоспағанда, Пайдаланушы өзі және Қосымшаның әкімшілігі ғана қол жеткізе алады.

5. Пайдаланушылардың жеке деректерін өңдеу.

5.1. Жеке деректерді өңдеу келесі қағидаттар негізінде жүзеге асырылады:

а) жеке деректерді өңдеудің мақсаттары мен әдістерінің заңдылығы;

б) адалдық;

в) жеке деректерді өңдеу мақсаттарына жеке деректер жинауда алдын ала белгіленген және талап етілген мақсаттарға, сондай-ақ Қосымша әкімшілігінің құзыретіне сәйкестігі;

г) өңделетін жеке деректердің көлемі мен сипатына, жеке деректерді өңдеу мақсатына жеке деректерді өңдеу әдістерінің сәйкестігі.

5.1.1. Жеке деректерді өңдеудің шарттары мен мақсаттары

Қосымша әкімшілігі Бағдарлама ұйымдастырушысының Пайдаланушылар алдындағы Бағдарлама шарттары мен міндеттерін орындау мақсатында Пайдаланушының жеке деректерін өңдеуді жүзеге асырады.

Пайдаланушы Бағдарламаны іске асыру мақсатында және шеңберінде өзінің жеке деректерін Қосымшаның әкімшілігіне сақтауға және өңдеуге құқық береді.

Бағдарламаға қатысу арқылы Пайдаланушы-Қатысушы Операторға әртүрлі байланыс құралдары арқылы тікелей байланыс жасау жолымен Операторға зерттеу жүргізуге және Оператордың қызметтерін насихаттауға арналған өзінің жеке деректерін өңдеуге келісімін және рұқсатын береді.

5.1.2. Жеке деректерді сақтау және пайдалану

Пайдаланушылардың жеке деректері заңды талаптарды орындауға байланысты жеке деректерді қолмен өңдеу қажет болған жағдайларды қоспағанда, тек қана электрондық тасымалдағышта сақталады және автоматтандырылған жүйелерді пайдалана отырып өңделеді.

5.1.3. Жеке деректерді беру

Бағдарлама Қағидалары мен Құпиялылық саясатында тікелей қарастырылған жағдайларды қоспағанда, Пайдаланушылардың жеке деректері үшінші тұлғаларға берілмейді.

Пайдаланушыны көрсеткен кезде немесе Пайдаланушының келісімі болған жағдайда, Пайдаланушының жеке деректерін Бағдарламаның шарттарына орындау мақсатында алынған және алынған ақпараттың құпиялылығын қамтамасыз ету бойынша міндеттемелерді қабылдаған жағдайда Қосымша Әкімшілігінің серіктесі болып табылатын үшінші тұлғаларға беруге болады.

Мемлекеттік органдардың (жергілікті өзін-өзі басқару органдарының) сұратуы бойынша Пайдаланушылардың жеке мәліметтерін ұсыну заңнамада белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.

5.1.4. Жеке деректерді жою

Пайдаланушының жеке деректері жойылады:

 — Пайдаланушының талабы бойынша Қосымша әкімшілігінің Пайдаланушының жеке деректерін жою кезінде;

 — Қосымша әкімшілігі Пайдаланушының профилін жойған кезде.

6. Пайдаланушылардың құқықтары мен міндеттері

6.1. Пайдаланушылар құқылы:

6.1.1. логин мен құпия сөзді пайдаланып жеке парақшаға еркін тегін кіруді жүзеге асыруға;

6.1.2. Қосымшаға кіру үшін өз құпия сөзін өзгертуге;

6.1.3. ол орналастырған ақпаратты кез келген сәтте жоюға;

6.1.4. Қосымшадағы Пайдаланушының профиліндегі өзі туралы ақпаратты түзетуге және өздігінен өзгерістерді енгізуге, егер бұл өзгертулер және түзетулер өзекті және шынайы ақпаратқа ие болса;

6.1.5. Қосымшадағы профилінде өзі туралы ақпаратты жоюға;

6.1.6. Қосымша әкімшілігінен өзінің жеке деректерін нақтылауды, оларды бұғаттауды немесе сол деректер толық болмаса, ескірген, шындыққа жанаспайтын, заңсыз жолмен алынған немесе өңдеудің өтініш білдірілген мақсаттар үшін қажет болып табылмаса және  осы Құпиялылық саясатының  6.1.3. және 6.1.5-тармақтарында көзделген  әрекеттерді өздігінен жүргізуге мүмкін болмаса жоюды талап етуге;

6.1.7. Қосымшаның әкімшілігінен сұратудың негізінде оның жеке деректерін өңдеуге қатысты ақпаратты алуға.

6.1.8. Аккаунттың құпиялығын жоғалтқан жағдайда (құпия сөзді жоғалту, жеке кабинетке рұқсат етілмеген кірулер) Пайдаланушы Қосымшаның әкімшілігіне дереу хабар беруге міндеттенеді.

6.2.Қосымшаның ресурстарын және сервистерін пайдаланып, Қосымшаның пайдаланушысы міндетті:

6.2.1. Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының, осы Қағидалардың және Әкімшіліктің басқа да құқықтық құжаттарының ережелерін сақтауға;

6.2.2. тіркелу кезінде сенімді, толық және жаңартылған деректерді ұсынуға, олардың өзектілігін бақылауға;

6.2.3. жеке кабинетке рұқсатсыз кіру және / немесе рұқсатсыз кіруг және / немесе Пайдаланушының құпия сөзін және логинін пайдалану туралы Әкімшілікке хабарлауға;

6.2.4. Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын және / немесе осы Қағиданың және Әкімшіліктің басқа құқықтық актілерін бұзуға әкеп соғуы мүмкін болған жағдайда, басқа Пайдаланушыларға өз жеке кабинетіне немесе оларда қамтылған кез келген басқа ақпаратқа рұқсат бермеуге;

6.2.5. құпияның қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және Қосымшаның басқа Пайдаланушыларына және үшінші тұлғаларға басқа Пайдаланушылармен байланыс немесе Қосымшаны басқаша пайдалану нәтижесінде оған мәлім болған жеке деректер, мысалы, үй мекенжайлары, телефон нөмірлері, электрондық пошта мекенжайлары, төлқұжат деректері, банктік ақпараттар және т.б. және басқа Пайдаланушылардың және үшінші тұлғалардың жеке өмірі туралы ақпаратты олардың алдын ала тиісті рұқсатынсыз ұсынынбауға;

6.2.6. Егер қандай да бір әрекеттерді орындалу заңдылығына қатысты күмән туындаса, ақпарат пен / немесе объектілерді орналастыру әрекеттерін және рұқсатты ұсынуды қоса алғанда, Әкімшілік соңғыларды іске асыруға тыйым салуды ұсынады.

7. Пайдаланушылар туралы ақпаратты қорғау бойынша шаралар

7.1. Қосымшаның әкімшілігі Пайдаланушы туралы ақпаратты рұқсат етілмеген немесе кездейсоқ қол жеткізуден, жою, өзгертуден, блоктаудан, көшіруден, таратудан, сондай-ақ басқа да заңсыз әрекеттерден қорғауды қамтамасыз ететін болады.

7.2. Қосымшаға кіруге авторландыру үшін Пайдаланушының құпия сөзі пайдаланылады. Пайдаланушы осы ақпараттың қауіпсіздігіне жауап береді. Пайдаланушы өзінің құпия сөзін үшінші тұлғаларға беруге құқығы жоқ, сондай-ақ оның құпиялылығын қамтамасыз ету үшін шаралар қолдануға міндетті.

8. Құпиялылық саясатының әрекетін шектеу

Осы Құпиялылық саясатының әрекеті үшінші тұлғалардың іс-әрекеттері мен интернет-ресурстарына қолданылмайды.

Қосымша әкімшілігі кез келген Интернет пайдаланушысы үшін қол жетімді ақпараттың салдары үшін Интернетті пайдалану нәтижесінде Пайдаланушы туралы ақпаратқа қол жеткізе алатын үшінші тұлғалардың әрекеттеріне жауап бермейді.