14 маусым - 15 шілде
Ресей Федерациясы

FIFA - 2018. Тарих пен бүгін. Испания құрамасы

FIFA - 2018. Тарих пен бүгін. Испания құрамасы
Испания Ұлттық футбол құрамасы — 1909 жылы Корольдық испан футбол федерациясының құрылып футболдан халықаралық матчтарда өнер көрсетіп келеді.

Испания футболы қай кезеңдерді алып қарасақ та жарқын футболшыларға толы болды. Дегенмен, «Қызыл фурия» федерация болып құрылған сәттен бастап, ХХ ғасырда ауыз толтырып айтарлықтай бір ғана жүлдеге қол жеткізді. Ол,  1964 жылы Испанияда өткен Еуропаның екінші футбол чемпионаты. Финалда Испания құрамасы КСРО құрамасын 2:1 есебімен ұтып, алғаш рет Еуропа чемпионы атанды. Ал, Әлем чемпионаттарындағы жағдайы мүлдем нашар еді. ХХ ғасырда ұйымдастырылған 16 мундияльдың алтауынан тыс қалған сәттерде болды.

Испания жанкүйерлері футбол тойын 2008 жылғы Еуропа чемпионатына дейін күтті. Білікті бапкер Луис Арагонес бастап барған испандықтар финалда Германия құрамасынан басым түсті.
Кейінгі төрт жыл ішінде де әлемде испандықтардың футболына төтеп бере алар құрама болмады. Оған дәлел 2010 жылғы Әлем чемпионы мен 2012 жылғы Еуропа чемпионатын ұтып алуы. Осы жетістіктерінің арқасында Испания құрамасы халықаралық ірі турнирлерді үш рет қатарынан жеңген тұңғыш ұжым атанды.

Испания құрамасы FIFA-ның мамыр айында жариялаған тізімінде Испания құрамасы 8-ші орында тұр.

2018 жылғы Әлем чемпионатына іріктеу сынында:
Испания құрамасы Ресейге жолдама алу үшін G тобында Италия, Албания, Израиль, Македония, Лихтенштейн елдерімен бірге өнер көрсетті. Іріктеу сынында жеңіліс көрмеген санаулы командалардың қатарына еніп, мундиальға алғашқылардың бірі болып жолдама алды. Қарсылас қақпасына 36 гол соғып, 3 гол жіберіп алды.

Әлем чемпионатындағы қарсыластары:
Испания құрамасы Ресей жеріндегі төрт құрлық біріншілігінде Португалия, Марокко және Иран құрамаларымен бірге В тобында өнер көрсетеді. Мамандардың айтуынша топтан алғашқы орынмен шығуға ешқандай кедергі жоқ.


Жұлдызды ойыншылары:
Давид Де Хеа – ағылшын Премьер-лигасының ең үздік қақпашысы атағын алған ойыншы бүгінде әлемдегі ең мықты қақпашылардың бірі болып табылады. Сондай-ақ, Әлем чемпионатына қатысатын ойыншылар арасында ең қымбат футболшылардың қатарында.

Серхио Рамос – «Реал Мадрид» клубының капитаны және командамен Чемпиондар лигасын үш мәрте жеңуге септігін тигізген ойыншылардың бірі.

Давид Сильва – ағылшындық «Манчестер Сити» командасының ең маңызды ойыншысы десек қате болмас. Бүгінгі таңда «тұманды альбионда» доп тебетін ең мықты ойыншылардың қатарында.


Негізгі құрамы:

Құраманың бас бапкері: Юлен Лопетеги


Қақпашылар: Давид Де Хеа («Манчестер Юнайтед»), Кепа Аррисабалага («Атлетик»), Пепе Рейна («Наполи»);

Қорғаушылар: Дани Карвахаль («Реал»), Альваро Одриосола («Реал Сосьедад»), Серхио Рамос («Реал»), Начо («Реал»), Жерар Пике («Барселона»), Сесар Аспиликуэта («Челси»), Начо Монреаль («Арсенал»), Жорди Альба («Барселона»);

Жартылай қорғаушылар: Иско («Реал»), Марко Асенсио («Реал»), Лукас Васкес («Реал»), Серхио Бускетс («Барселона»), Андрес Иньеста («Виссел Кобе»), Коке («Атлетико»), Сауль («Атлетико»), Тиаго Алькантара («Бавария»), Давид Сильва («Манчестер Сити»);

Шабуылшылар: Диего Коста («Атлетико»), Родриго («Валенсия»), Яго Аспас («Сельта»).