14 маусым - 15 шілде
Ресей Федерациясы

FIFA – 2018. Тунис Әлем чемпионатының дебютанттарын жеңді

FIFA – 2018.  Тунис Әлем чемпионатының дебютанттарын жеңді
Әлем біріншілігінің топтық кезеңін түйіндеген Панама мен Тунис құрамалары арасындағы ойында африкалықтар басым түсті.

Алғашқы таймда дебютанттар Мерияның автоголының арқасында есепте алға шыққан. Алайда, Тунис ойыншылары екінші таймда екі гол салды. 51-ші минутта Бен-Юссеф таблодағы көрсеткішті теңестірсе, 66-шы минутта Хазри африкалықтардың екінші голын салды.

Осылайша, Панама құрамасы тарихындағы алғашқы Әлем чемпионатын жеңіссіз аяқтады.

Бұл топтан 1/8 финалға доп додасының фавориттері Бельгия мен Англия құрамалары жолдама алды.

Қорытынды есеп: Панама – Тунис 1:2.
Голдар: Мерия (АГ) 33 – Бен-Юссеф 51; Хазри 66.

Панама - Тунис матчы. Толық нұсқа


Ойындар кестесін жүктеу      
Соңғы жаңалықтар
LIVE LIVE LIVE


«QAZAQSTAN TV» мобильді қосымшасы:
AppStore
Play Market