14 маусым - 15 шілде
Ресей Федерациясы

FIFA – 2018. Франция 1/8 финалда Аргентинаны тізе бүктірді

FIFA – 2018.  Франция 1/8 финалда Аргентинаны тізе бүктірді
Әлем біріншілігінде 1/8 финалдың алғашқы ойыны Франция мен Аргентина құрамалары арасында өтті.

Ойын басталғаннан қос құрама өткір шабуылға көшті. 13-ші минутта Антуан Гризманн пенальтиден есеп ашса, 41-ші минутта Анхель Ди Мария алыстан бағытталған жойқын соққысымен таблодағы көрсеткішті теңестірді.

Екінші таймда қос құрама екеу ара төрт гол салды. 48-минутта Меркадо оңтүстікамерикалықтарды алға шығарды. Дегенмен, француздар 57-ші минутта Павардың көмегімен есепті теңестірді.

64-ші және 68-ші минуттарда Киллиан Мбаппе қос гол салып командасына жеңіс сыйлады.

Ал аргентиналықтар өз кезегінде 93-ші минутта Серхио Агуэроның көмегімен тағы бір гол салғанымен есепті теңестіруге мүмкіндік болмады.

Осылайша, Франция құрамасы Ресейде өтіп жатқан Әлем чемпионатының ширек финалына жолдама алса, Месси бастаған аргентиналықтар мундиальмен қош айтысты.

Қорытынды есеп: Франция – Аргентина 4:3.

Франция – Аргентина матчы.  Толық нұсқа

Ойындар кестесін жүктеу      
Соңғы жаңалықтар
LIVE LIVE LIVE


«QAZAQSTAN TV» мобильді қосымшасы:
AppStore
Play Market