14 маусым - 15 шілде
Ресей Федерациясы

Ресей FIFA-2018 Әлем біріншілігінің ширек финалына жолдама алды

Ресей FIFA-2018 Әлем біріншілігінің ширек финалына жолдама алды
Футболдан Әлем біріншілігінің 1/8 финалы аясында кездескен турнир қожайындары Ресей құрамасы мен Испания арасындағы ойын тартысты болды.

Ойын басталмай тұрып «қызыл фурияның» оңайлықпен ширек финалға өтетініне барлығы сенімді еді. Алайда, Ресей ойыншылары ойынды қосымша уақытқа дейін жеткізе білді.

12-ші минутта стандартты жағдайда ресейлік қорғаушы Сергей Игнашевич өз қақпасына гол салып алды. Ал, 41-ші минутта каталондық «Барселонаның» қорғаушысы Жерар Пике өз айып алаңында қолмен ойнап, пенальти белгіленді. Артем Дзюба 11 метрлік соққыдан мүлт кетпеді.

Матчтың қалған бөлігі қауіпті сәттерге аз болып, бір сарынмен өтті. Негізгі уақытта жеңімпаз анықталмаған соң бас төреші Бьорн Кейперс экстра-таймға кезек берді.

Экстра-таймда да қос құрама бір-біріне соққы дарыта алмай ойынды матч соңындағы пенальтиге жеткізді. Пенальти сериясында ресейлік қақпашы Игорь Акинфеев үздік өнер көрсетіп, командасына ширек финалдың жолдамасын сыйлады.

Қорытынды есеп: Ресей – Испания 1:1 (4:3).