14 маусым - 15 шілде
Ресей Федерациясы

FIFA – 2018.Хорватия ширек финалға жолдама алды

FIFA – 2018.Хорватия ширек финалға жолдама алды
Футболдан Әлем біріншілігінің 1/8 финалы аясында кездескен Хорватия мен Дания құрамалары арасындағы ойын тағдыры матч соңындағы пенальтиде шешілді.

Ойын басталған тұста жылдам гол алмасқан қос құрама матчтың қызықты боларына уәде еткендей. 2-ші минутта даниялық ойыншы Йоргенсен есеп ашты. Өз кезегінде хорват шабуылшысы Марио Манджукич жауапты голды көп күттірмей 4-ші минутта таразы басын теңестірді.

Ойынның қалған бөлігі голсыз өтіп, уақыт экстра-таймға көшті.

Қосымша уақыттың екінші бөлігінде Хорватия капитаны Лука Модричтің пенальтиден өз құрамасын алға шығарар мүмкіндігі болғанымен, ойыншы мүлт кетті.

Ойыннан кейінгі пенальти сериясында Хорватия ойыншыларының бағы жанып, ширек финалға жолдама алды.

Қорытынды есеп: Хорватия – Дания 1:1 (3:2)