14 маусым - 15 шілде
Ресей Федерациясы

FIFA – 2018. Бразилия ширек финалға жолдама алды

FIFA – 2018.  Бразилия ширек финалға жолдама алды
Ресейде өтіп жатқан Әлем чемпионатының 1/8 финалы аясында Бразилия мен Мексика құрамалары кездесіп, пентакампиондар басым түсті.

Алғашқы таймда қос құрамада да гол соғарлық бірнеше мүмкіндіктер болғанымен дәлдік жетіспеді.

51-ші минутта бразилиялықтардың басты жұлдызы Неймар Виллиан берген пасты ұтымды пайдаланып есеп ашты. Ал, ойынның соңғы нүктесін 88-ші минутта алаңға тыңнан қосылған «Ливерпуль» шабуылшысы Фирмино қойды.

Осылайша, Бразилия құрамасы ширек финалға жолдама алып, Бельгия – Жапония жұбының жеңімпазымен кездесетін болады.

Қорытынды есеп: Бразилия – Мексика 2:0.

Голдар: Неймар 51, Фирмино 88.