14 маусым - 15 шілде
Ресей Федерациясы

FIFA – 2018. Бельгия құрамасы Жапонияны тізе бүктірді

FIFA – 2018.  Бельгия құрамасы Жапонияны тізе бүктірді
Әлем біріншілігінің 1/8 финалы аясында кездескен Бельгия мен Жапония арасындағы ойында еуропалықтар басым түсті.

Алғашқы тайм футбол жанкүйерлерінің өкінішіне орай голсыз өтті. Алайда, екінші таймда қос құрама бес гол салып, көрермендерді қуантты.
48-ші минутта жапониялық ойыншы Харагучи есеп ашса, араға төрт минут салып Инуи таблодағы көрсеткішті еселей түсті.

Алайда бельгиялықтар бұл голдарға 69-шы минутта Ян Вертонгеннің және 74-ші минутта Феллайнидің голымен жауап қатты. Ал ойынның нүктесін Бельгия құрамасы сапында тыңнан қосылған Насер Шадли 64-ші минутта қойды.

Осылайша, Бельгия құрамасы ширек финалға жолдама алып, Бразилия құрамасымен кездесетін болады.