14 маусым - 15 шілде
Ресей Федерациясы

FIFA-2018. Швеция құрамасы ширек финалға жолдама алды

FIFA-2018.  Швеция құрамасы ширек финалға жолдама алды
Әлем біріншілігінің 1/8 финалы аясында кездескен Швеция мен Швейцария құрамалары арасындағы ойында скандинавиялық құраманың пайдасына шешілді.

Алғашқы таймда қос құрама өз қақпаларын голдан сақтай білді. Алайда, ойындағы жалғыз голды 66-шы минутта швециялық шабуылшы Эмиль Форсберг салып, командасына жеңіс сыйлады.

Осылайша, Швеция құрамасы ширек финалға жолдама алған командалар тізімін толықтырды. Құрама 1 /4 финалда Колумбия – Англия ойынының жеңімпазымен жүздесетін болады.

Қорытынды есеп: Швеция – Швейцария 1:0.