14 маусым - 15 шілде
Ресей Федерациясы

FIFA – 2018. Англия ширек финалға шықты

FIFA – 2018.  Англия ширек финалға шықты
Әлем чемпионатының 1/8 финалы аясындағы соңғы матчта Англия құрамасы ойын соңындағы пенальти сериясында Колумбиядан басым түсті.

Алғашқы таймда қос құрама тактикалық тұрғыдан сақ ойнады. Ойындағы есеп тек 57-ші минутта өзгерді. Ағылшындар Харри Кейннің пенальтиді сәтті орындауы арқасында есепте алға шықты.

Алайда, колумбиялықтар 93-ші минутта Йерри Минаның көмегімен ойынды экстра-таймға аудара білді.

Қосымша уақытта да есеп өзгермей матч соңындағы пенальтиден Англия құрамасы сәтті өнер көрсетті.

Қорытынды есеп: Колумбия – Англия 1:1 (3:4).