14 маусым - 15 шілде
Ресей Федерациясы

FIFA – 2018. Франция жартылай финалда

FIFA – 2018.  Франция жартылай финалда
Әлем чемпионатының ширек финалдық ойындары бастау алды. Алғашқы ойын Уругвай мен Франция құрамалары арасында өтіп, еуропалықтардың пайдасына шешілді.

Дидье Дешам шәкірттері алғашқы минуттан бастап ойынды өз қолдарына алды. 40-шы минутта Антуан Гризманның асырған добын сәтті пайдаланған Рафаэль Варан есеп ашты.

Екінші таймда Оскар Табарес бастаған жігіттер есепті теңестіру үшін шабуылдарын үдете түсті. Сондай сәттердің бірінде қорғанысты ұмыт қалдырып, Антуан Гризманның есепті еселеуге мүмкіндігі туды. 61-ші минуттағы француздың жойқын соққысы қақпа төрінен табылды.

Осылайша, Франция құрамасы жартылай финалға жолдама алып, Бразилия – Бельгия жұбының жеңімпазымен кездесетін болады.

Қорытынды есеп: Уругвай – Франция 0:2.