14 маусым - 15 шілде
Ресей Федерациясы

FIFA – 2018. Бельгия жартылай финалға жолдама алды

FIFA – 2018.  Бельгия жартылай финалға жолдама алды
Әлем чемпионаты аясында ширек финалда кездескен Бельгия мен Бразилия құрамалары арасындағы ойында бельгиялықтар басым түсті.

Алғашқы минуттан бастап алаңның әрбір бұрышында допқа талас күшей түсті. 13-ші минутта бельгиялықтардың орындауындағы бұрыштама добынан Фернандиньо өз қақпасына гол салып алды. Ал, 31-ші минутта Де Брюйне алыстан соққы жасап, Алиссон күзеткен қақпадан саңылау тапты.

Екінші таймда пентакампиондар барлық күштерін шабуылға жұмылдырғанымен, 76-шы минуттағы Аугустоның голымен ғана жауап қайтара білді.

Осылайша, Неймар бастаған жігіттер мундиальмен қош айтысса, бельгиялықтар жартылай финалда Франция құрамасымен бақ сынасады.

Қорытынды есеп: Бельгия – Бразилия 2:1.