14 маусым - 15 шілде
Ресей Федерациясы

FIFA – 2018. Англия жартылай финалға жолдама алды

FIFA – 2018. Англия жартылай финалға жолдама алды
Футболдан Әлем чемпионатының ширек финалы аясында кездескен Швеция мен Англия құрамалары арасындағы ойында ағылшындар басым түсті.

Алғашқы минуттан швед қақпасына жойқын шабуылдарға шыққан ағылшындықтар 30-шы минутта Харри Магуайрдың көмегімен алға шықты. Бұрыштамадан асырылған допқа алғашқы жеткен қорғаушы Ольсен күзеткен қақпадан саңылау тапты.

Екінші таймда Гарет Саутгейт шәкірттері Делле Аллидің көмегімен есепті еселей түсті. 59-шы минутта қапталдан асырылған пасқа алғашқы болып жеткен Алли ойынның соңғы нүктесін қойды.

Осылайша, Англия құрамасы жартыла финалға жолдама алып, Ресей - Хорватия жұбының жеңімпазымен кездесетін болады

Қорытынды есеп: Швеция – Англия 0:2